23800 билетке 120 мың адам кезекке тұрған. Бүгін келесі сейсенбі өтетін «Қайрат» «Реал Мадрид» матчына билеттің сатылымға шыққаны сол-ақ екен, оны саудалаған үш платформаның бірі «Тикетонның» өзінде кезекке тұрғандар саны 120 мыңға жетті, деп хабарлайды 24kz.
Айта кетейік, билет бағасы УЕФА-мен келісіліп, 30 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін саудаланды. Бір жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН) бойынша бір адамға екі билеттен артық билет сатылмайды. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі. Клуб өкілдері жалған ақпаратқа сенбей, алыпсатарлардан сақ болуға шақырады.
Тегтер #Қайрат #Реал Мадрид #матч #билеттерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz