Торғай төрінде өткен «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгенің алтыншы маусымы өз мәресіне жетті. Бес күнге жалғасқан сайыста бірінші орынды Қырғызстан құрамасы иеленді. Екінші болып мәре сызығын Ақтөбе облысының командасы кесіп өтті. Ал жүлделі үшінші орынды Қостанай облысының шабандоздары қанжығалады.
Спорттық шара Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орайластырылды. Биыл жарысқа 19 команда қатысты. Олардың қатарында Қырғызстан мен Ресей елдерінің өкілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясының командасы да болды.
Бақытжан Тұрлыбеков, «Joryq» ат спорты федерациясының президенті
- Жұмыс жүргеннен кейін жұрттар назар аударып, ұсыныс айтып жатыр. Мәселен, әр атқа, әр командаға gps қойдырып, оны онлайн бақылап отырады. Сонда аттың жағдайын онлайн көріп отыратын боламыз. Олардың жүрек соғысын, бәрін жасанды интеллектің деңгейіне жеткіземіз деп отырмыз. Оған толық мүмкіндік бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ат спортыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz