RU
Толық нұсқаға өту

Елордада функционалдық көпсайыс біріншілігі өтті

27.09.2025, 21:48 364

Елордада функционалдық көпсайыс бойынша ел біріншілігі өтуде. Додаға 100-ден астам атлет қатысып жатыр. Дайындығы мен тәжірибесіне қарай спортшылар бірнеше санатқа бөлінген.

Мәселен, кроссфиттің базалық жаттығуларымен айналысатындар «скайт» санатында өнер көрсетеді. Тағы «Интермедиейт» және биыл енгізілген «Мастерс» деңгейі бар. Қазақстанның Функционалдық көпсайыс федерациясының бас хатшысы Валентин Лукановскийдің айтуынша, қатысушыларға арналған тапсырмалар ұдайы күрделеніп отырады. Бірақ көбі түрлі сыннан сүрінбей өтіп жатыр. 

Валентин Лукановский, Қазақстан функционалдық көпсайыс федерациясының бас хатшысы:

- Федерациямыздың құрылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Республикалық біріншілік осымен екінші мәрте ұйымдастырылды. Күрделі жаттығулар арқылы атлеттердің деңгейі өсіп жатыр. Спортшыларымыз шетелдік жарыстарда да жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Алдағы Азия біріншілігінде 11 адамнан құралған командамыз Қазақстан намысын қорғайды. Сайыс 2-қазан күні Сауд Арабиясында өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz