Орталық Азия бойынша ең ірі спорттық шараның бірі Almaty Marathon-ға қатысушылардың саны рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды 24kz.
Оған 60 мемлекеттен салауатты өмір салтын насихаттап жүрген 16 мыңнан аса адам жиналды. Жүгіру бағыты Республика алаңынан басталып Әл-Фараби даңғылы бойымен өтті. Қатысушылар асқар Алатауды бетке алып, Тұңғыш Президент саябағы, Ботаникалық бақ сияқты қаланың тарихи маңызы зор көрікті орындарының тұсынан жүгіріп өтті. Желаяқтар классикалық марафон, жартылай марафон, скандинавиялық жүріс, спутник жүгіріс сияқты жарыстарда мүмкіндігін сынап көрді. Корпоративтік командалар үшін «Экиден» эстафетасы ұйымдастырылды. Олардың қатарында Khabar Runners жүгірушілер клубының мүшелері де бар. «Хабарлықтар» бұл шараны агенттіктің 30 жылдық мерейтойына арнады.
Қанат Бүрітбаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры:
- Біз бүгін «Хабар» агенттігінің 30 жылдығына орай жартылай марафонға қатысып, оны сәтті бағындырдық. Қатысушыларға қолдау білдірген агентттік басшылығына алғыс білдіреміз. Мұнда біз нағыз спорттық мерекеге куә болдық. Ортақ мақсатқа ұмтылыс жеңістерге жетелейді.
Раушан Улиахметова, «Хабар» Агенттігі» АҚ Таңғы бағдарламалар бөлімінің әкімшісі:
- Мен осы марафонға қатысқаныма қуаныштымын. Қатысушылар тамаша жүгіріп өтті. Алматы өзіндік ерекшелігі бар қала. Жер бедері тегіс емес. Бірақ соның өзі драйв. Бәрі тамаша өтті. Бізге сенім артып, осында аттандырған агенттіке ризашылығымды білдірем.
Тегтер #Almaty Marathon #рекорд
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz