RU
Толық нұсқаға өту

Қайрат - Реал Мадрид матчы қарсаңындағы Алматы. LIVE

30.09.2025, 09:25 958

Алматыға «Қайрат-Реал Мадрид» матчын көруге шетелден бес мыңнан аса адам келді.

Жалпы өзге өңірлерден тарихи ойынға келген жанкүйерлер саны 10 мыңнан асады. Олардың дені қонақ үйлерге тұрақтады. Қазір қаладағы көңіл-күй қалай?

Алуа Ералықызы, тілші:

- Шетелден келген көрермендердің қатарында Испания азаматтары көп. Оның себебі айтпаса да түсінікті. Пиреней түбегінен жеткен жанкүйерлер бүгін сүйікті командасын барынша қолдайтыны анық. Қытай, Үндістан, Жапония, ТМД елдері, Чехия және өзге де мемлекеттердің футболсүйер қауымы бар. Туристердің күрт артуына Алматының туризм басқармасы да алдын ала қам жасапты.

Еркебұлан Әбіхан, Алматы қаласы туризм басқармасының бөлім басшысы:

- Алматы қаласының қонақ үй қоры туристердің көп санын қабылдауға толық дайын деп айтуға болады. Қазіргі таңда қалада 377 орналастыру нысаны жұмыс істейді. Олардағы жалпы нөмірлер қоры 12 жарым мыңнан астам. Ал бір мезеттегі қабылдау мүмкіндігі 22768 төсек орын. Бұл шараға халықаралық деңгейде ғана емес, ел ішінде де зор қызығушылық бар екенін көрсетеді.

Алуа Ералықызы, тілші:

- Туризм басқармасы өкілдерінің айтуынша Алматыға келген бір жанкүйер орта есеппен 1500 доллар жаратады екен. Шаһарға ағылған меймандардың легі қала қонақ үйлерінің де жүктемесін арттырды. Әсіресе стадионға жақын маңда орналасқан қонақ үйлерде бос орын жоқтың қасы. 

Гүлнұр Әбжанова, қонақүй басқарушысы:

- Біз стадионға жақын маңда орналасқанбыз. Қонақүйдің терезелері футбол алаңына қарайтын бөлмелері көп. Әсіресе сол номерлер бірден сатылып кетті. Барлық қызметкерлер күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. 

Алуа Ералықызы, тілші:

- Қонақүйлерден бөлек қалаға келген туристер хостелдер мен жалдамалы пәтерлерге де жайғасуда. Кешелі бері Алматыда нағыз футбол мерекесі болып жатыр. Түске қарай стадионның айналасы адамға лық толады. Қайраттың да, Реалдың да жанкүйерлері жиналып көңіл күйдің көрігін қыздыра түседі. Ал көптен күткен ойын бүгін кешкі сағат 21:45-те Орталық стадионда басталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz