RU
Толық нұсқаға өту

Матч қарсаңындағы қарбалас. LIVE

30.09.2025, 14:53 288

Алматыда «Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойынына қызу дайындық жүріп жатыр.

Қазір стадион маңында жанкүйерлердің қарасы көбейген. Сонымен қатар қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Алуа Ералықызы, тілші:

- Стадион маңындағы жағдай сағат сайын қыза түсуде. Жанкүйерлер әр өңірден ағылып келіп жатыр. Қолына клуб жалауын ұстағандар да, ұлттық нақыштағы шапан кигендер де кездеседі. Шетелдік қонақтар да жергілікті жанкүйерлердің қызу ықыласын сезініп жүр. Бірақ осынша халық жиналған жерде ең алдымен қауіпсіздік назарда. Полиция қызметкерлерінің саны артты, стадион төңірегіндегі қозғалыс қатаң бақылауда. Сағат 16:00-ден бастап бірнеше көшеде көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі. Сондықтан қала тұрғындарына бағытын алдын ала жоспарлап алғаны жөн. Олай болса қазір «Қайраттың» жанкүйерімен шағын сұхбат өрбітейік. 

Алуа Ералықызы, тілші:

- Жанкүйерлердің ортақ тілегі - әділ ойын мен тартысты матч. «Қайрат» пен «Реалдың» кездесуі Алматы тарихындағы ең көп күткен сәттердің бірі болып қалатыны анық. Әзірге мендегі ақпарат осы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz