Елордада қайырымдылық марафон өтті. «KASIPODAQ RUN 2025» деп аталатын жарысқа негізінен еңбек адамдары қатысты.
Шара Қазақстан кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған. Марафонға қатысушылар дайындық деңгейіне қарай әр түрлі қашықтықты таңдады. Балалар 400 м және 1 км жүгірсе, жаңадан бастаушылар 1,6 км-ді бағындырды. Ал көпшілікке арналған қашықтық – 5 км болса, кәсіби спортшылар 10 км-ді артқа тастады.
Сатыбалды Дәулеталин, Қазақстан республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:
- Бұл жерде жарысқа қатысушылардың көбі жұмысшы мамандықтардың иелері. Сонымен қатар бұл жүгірістен жиналған қаражаттың мейірімділік қорына бағытталып, балалары көп отбасыларына, мүгедек балалары бар отбасыларға, халі мүшкіл адамдарға көмек ретінде жұмсалайын деп отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Астана #еңбек адамы #марафонPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz