RU
Толық нұсқаға өту

Елордада жүгіруден Pink Run қайырымдылық жарысы өтті

12.10.2025, 13:30 446

Елімізде жылына 5 мыңнан астам әйелден сүт безі қатерлі ісігі анықталады.

Обырдың алдын алу үшін дәрігерлер медициналық тексерулерден ұдайы өтуге шақырады. Осыған байланысты бүгін елордада жүгіруден "Пинк Ран" атты қайырымдылық жарысы ұйымдастырылды. Спорттық іс-шара "Қызғылт қазан" науқаны шеңберінде өтті. Бас шаһардағы күннің суықтығына қарамастан жарыс жолына жарты мыңнан астам адам шықты. Сайысқа бұрынғы науқастармен бірге дәрігерлер, волонтерлер және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мұратжан Сақтағанов, онколог-дәрігер:

- Әйел, қыз бала болсын, келіншек болсын өзіне қарау керек. Өзін ойлауы керек. Қазір мемлекет жағынан тегін скрининг бағдарлама өткізгенге, ісіктің қолға сезілмейтін кезінде, анықталмаған кезінде маммография, ултрадыбыс зерттеуімен ерте анықтаса болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz