RU
Толық нұсқаға өту

Нысана көздеу спортының үздіктері Шымкентте бас қосты

15.10.2025, 20:38 399

Бес елдің үздіктері Шымкентте бас қосты.

 Онда нысана көздеуден Владимир Почиваловты еске алуға арналған халықаралық туринир өтіп жатыр. Дәстүрлі дода осымен 34-жыл қатарыннан ұйымдастырылды. Бұл жарыс спорттық ату түрлері бойынша халықаралық федерацияның күнтізбелік жоспарына енгізілген. Сонымен Шымкент қаласына Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, және Қазақстанның сұрмергендері жиналып, бір апта бойы өзара мықтыны анықтайды. Қатысушылардың жалпы саны - 130. Олар жабық кешенде винтовкамен және тапаншамен нысана көздеу бойынша сынға түседі. Дәл осындай форматтағы жарыс отандық спортшылардың деңгейін анықтауға, шеберлігін шыңдауға және жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін көтеруге керемет мүмкіндік дейді мамандар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz