Мысырда өткен пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында топ жарған отандасымыз Давид Дегтярев елге оралды.
Оны Астана әуежайынан жақындары мен жанкүйерері сән-салтанатпен қарсы алды. Байрақты бәсекеде жерлесіміз 54 кг-ға дейінгі салмақта ел намысын қорғап, екі алтын медальда жеңіп алды. Осылайша, үш дүркін әлем чемпионы атанды. Ал жалпы есепте қазақ құрамасы 8 жүлдені қанжығаға байлады. Оның үшеуі алтын, екеуі күміс, сондай-ақ 3 қола медаль бар.
Давид Дегтярев, пара пауэрлифтингтен әлем чемпионы:
- Бұл әлем чемпионатында лицензия сарапқа салынды, біз рейтингке ендік. Келесі жылы да байрақты бәсекеге қатысып, рейтингте қалуды және Паралимпиада ойындарына жолдама алуды жоспарлап отырмыз. Алда Азия ойындары бар. Ол да ең басты жарыстардың бірі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #әлем чемпионаты #Мысыр #спортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz