RU
Толық нұсқаға өту

Футболдан Majilis Cup турнирі өтті

19.10.2025, 18:00 468

Астанада футболдан «Мәжіліс Кап» турнирі өтті.

Жарысқа депутаттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жалпы 10 өңірден 20-ға жуық команда келді. Әуесқой спортшылар бейресми форматта бас қосып, салауатты өмір салтын ұстанудың керемет үлгісін көрсетті.  Биыл дәстүрлі турнир осымен төртінші мәрте өтіп жатыр.     

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бірінші ойынымызды «Хабар» арнасымен өткіздік. Біздің ақсақал депутатымыз Жигули Дайрабаев бірінші голды салды біз үшін. Сол үшін қуандық бәріміз. Сол себепті биылғы жарысқа дайындығымыз жақсы.

Ернұр Дүйсенғазы, спорт журналисі:

- Біз бірінші ойында Түркістан командасымен тең ойнадық, 2:2. Балалар жақсы дайындалып келді. 1 айдай уақыт дайындалдық. Бүгін алаңда барымызды салып жатырмыз. Бұйырса жүлделі орыннан табыламыз деген ойымыз бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz