RU
Толық нұсқаға өту
Фото: olympic.kz

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші күміс медалін иеленді

24.10.2025, 10:20 412

Жеңіл атлет Виктория Мельникова Манамада өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына екінші күміс жүлдені сыйлады, деп хабарлайды 24KZ, Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы 1500 метрге жүгіруден финалдық жарыста сәтті өнер көрсетті.

Мельникова қашықтықты 4:51.61 уақытта жүгіріп өтті.

Алтын медальді Өзбекстан өкілі Назима Рахимжонова (4:51.20) жеңіп алды, ал Шри-Ланка спортшысы Санипа Гимхани (4:52.32) қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық Агата Красаева жетінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Рамазан Айнегов күміс, ал Глеб Клепинин мен Әлиям Әзізова қола медаль жеңіп алған болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz