Муай-тайдан Қазақстан құрамасының спортшысы Альбина Жуминова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жеңімпаз атанды.
Спортшы 51 келіге дейінгі (16-17 жас) салмақ дәрежесінде сенімді түрде жеңіске жетті.
Шешуші жекпе-жекте Жуминова Камбоджа өкілі Срейпен Омды 30:27 есебімен ұтты.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #спорт #боксPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz