Ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Қазақстандық ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Спортшы 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұлқа көтеруде екінші орынды иеленді.
Ерсейіт үш мүмкіндіктің екеуін сәтті орындап, үздік мүмкіндігінде 123 келіні еңсерді. Осылайша күміс медаль алды.
Бірінші орынды Солтүстік Корея спортшысы Джин Мен Во иеленді - 124 келі. Ал қола жүлде Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Алмохаймедке бұйырды - 122 келі.
Olympic.kz
Тегтер #ауыр атлетика #жасөспірім #Азия ойындары #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz