Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы алдағы Гран-придің кезеңіне қатысушылар құрамын жариялады. Ол жарыс Жапонияның Осака қаласында өтеді, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелдер арасындағы жекелей сырғанау бағдарламасында Қазақстан құрамасынан Софья Самоделкина сынға түседі. Ол биыл АҚШ-тағы Норвуд қаласында өткен турнирде екінші орын алған болатын. Жарысқа 12 спортшы қатысады. Дода 7-9 қараша аралығында өтеді.
Тегтер #мәнерлеп сырғанау #ЖапонияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz