«Қайрат» клубының алдағы ойындары Астанада өтуі мүмкін. Нақты шешім осы «Интер»-мен болатын матчтан кейін қабылданады.
Яғни клуб басшылығы қыстағы күн райының суытуына байланысты Астана-арена стадионын таңдап отыр. Себебі «Қайрат» 9 желтоқсанда «Олимпиакосқа» қарсы ойнаса, 20 қаңтарда «Брюггені» қабылдайды. Еске сала кетейік, алматылық клуб чемпиондар лигасында үш ойын өткізді. Лиссабондық «Спортингтен» 4:1 есебімен ұтылса, «Реалға» 5:0 есебімен жол берді. Ал кипрлық «Пафоспен» 0:0 ойнап, турнирдегі алғашқы бірінші ұпайына қол жеткізді.
Тегтер #Қайрат #Интер #футбол #чемпиондар лигасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz