RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Тұрар Қазанғапов

Жүзгіш Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды

09.11.2025, 22:50 622

Қазақстан жүзуден Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин топ жарды - 23.85.

Қазақстандық Максим Сказобцов екінші орынға көтерілді - 23.87. Қола жүлдені Абдельрахман Эльсайед (Мысыр) жеңіп алды - 23.90.

Айта кетейік, осы қашықтықта бұған дейін Софья Сподаренко алтыннан алқа таққан еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz