Қазақстан дзюдошылары Францияда ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында 2 алтын, 4 күміс, 13 қола жеңіп алды.
Жалпы саны 19 медаль иеленген отандық спортшылар командалық есепте 9-орыннан көрінді. Әлем біріншілігінде Қайрат Бұрбасов пен Қазболат Құрмашев алтыннан алқа тақты. Париждегі Дзюдо сарайында өткен чемпионатқа 64 елден екі мыңнан аса балуан қатысты. Былтыр АҚШ-тың Лас Вегас қаласында ұйымдастырылған әлем чемпионатында біздің құрама 4-орынды иеленген еді.
Ерлан Омаров, ардагерлер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері (2025 ж.):
- Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Франция мемлекеті дзюдоны өте жақсы көреді. Футболдан кейін екінші орын – дзюдо. Салмағым тоқсан килограмға дейін дәрежесінде күрестім. Алпыс тоғыз қарсыласым болды. Қола медаль өте қымбат, өйткені қолаға көп күресесін де, алтын сияқты қазір қоламыз бізге.
Тегтер #Қазақстан #Дзюдошы #Франция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz