RU
Толық нұсқаға өту

Кирилл Герасименко Эр-Риядта топ жарды

14.11.2025, 15:50 947

Эр-Риядта өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел қоржынына кезекті алтын медаль түсті, деп хабарлайды 24KZ. Отандасымыз Кирилл Герасименко үстел теннисі бойынша жекелей сында топ жарып, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Кирилл шешуші сында мысырлық Мұхаммед Ассарды 4-1 есебімен жеңді. Онымен біздің теннисші Париж Олимпиадасында кездесіп, ширек финалда ұтылып қалған болатын. Араға уақыт салып, есе қайтарылды. Бұған дейін спортшымыз Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжеғұловпен бірге командалық бәсекеде де топ жарған еді. Ол кезде қазақстандық ерлер Иран құрамасынан басым түсті.

Жалпы үстел теннисі бойынша жарыс бірнеше күнге созылды. Нәтижесінде Қазақстан екі алтын еншіледі.

Кирилл Герасименко, үстел теннисінен VI Ислам ойындарының жеңімпазы:

- Жарыс басталмай тұрып, онымен финалда кездесетінімізді сездім десем болады. Сөйтіп, болжамым дәл келді. Барынша жинақы өнер көрсетіп, алтын еншілеуге тырыстым. Себебі бізге күміс қажет емес еді. Есені жібермей, тартысты кездесуде жеңіске жеттік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz