RU
Толық нұсқаға өту
Фото: olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров АҚШ-та өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

16.11.2025, 15:00 584

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының лидері Михаил Шайдоров АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қысқа бағдарламада спортшымыз үшінші нәтиже көрсетті. Ал еркін бағдарламада Шайдоров 161,42 ұпаймен көш бастады.

Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша ол 251,09 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орын алды. Франция өкілі Кевин Аймоз жарыс жеңімпазы атанды. (253,53 ұпай). Қола медальді жапониялық Казуки Томоно жеңіп алды (245,57 ұпай).

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz