RU
Толық нұсқаға өту

Г. Головкин әлемдік ұйымды басқаруы мүмкін

20.11.2025, 22:00 510

Геннадий Головкин WORLD BOXING ұйымының президенті болуы мүмкін. Ол қазір негізгі үміткерлердің бірі.

Ресми сайлау бірер күннен кейін Италияның Рим қаласында өтеді.

Геннадий Головкин:

- Спортшылардың мүддесі қашан да жоғары. Олардың дауысы естіліп, құқықтары қорғалып, ақпаратқа қол жеткізуі аса маңызды. Бокстың арқасында мен тұлға болып қалыптастым,енді мен бокстың болашағын қалыптастыруға үлес қосамын.

Біз спортшылар сенетін және жанкүйерлер мақтанатын федерация болуымыз қажет. Егер маған осы жауапкершілікті сеніп тапсырсаңыз, мен оны сабырмен, әділдікпен және спортта бойыма сіңген тәртіппен атқарамын. Біз әлемдік сенімді қайта орнатып, әрбір бапкер мен спортшының өсуіне жағдай жасаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz