Токиода өткен XXV жазғы Сурдлимпиадада ел намысын қорғаған Қазақстанның ұлттық сурдодзюдо құрамасы елге жеңіспен оралды. Спортшыларды бүгін жанкүйерлері мен туыстары Алматы әуежайынан қарсы алды.
Дүбірлі додада Қазақстандық сурдодзюдошылар әлемдегі ең мықты команда атанды. Ойындар қорытындысы бойынша ел құрамасы медальдық есепте жалпыкомандалық бірінші орынды иеленіп, бес алтын, екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.
Ерлер командасы Сурдлимпиада ойындардың чемпионы атанса, әйелдер командасы екінші орынға тұрақтады. «Бұл тарихта болмаған жеңіс», - дейді федерация президенті. Төрт жылда бір рет болатын сурдлимпиада мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан алыстамауына, жеңіс тұғырынан көрінуіне зор мүмкіндік. Айта кетейік, Қазақстан сурдодзюдо федерациясы 2,5 жыл бұрын құрылды.
Қуанышбек Мұқаш, Сурдодзюдо федерациясының президенті:
- Осы спортшыларды дайындаған кезде бізге министрдің атынан көмек көрсетілді. Әрбір оқу-жаттығу жиынына ақша бөлінді. Жақсы дайындықтың нәтижесі осындай жетістік болып жатыр.
Тегтер #Токио #медаль #СурдлимпиадаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz