Тарихи сәт! Геннадий Головкин ресми түрде World Boxing ұйымының президенті атанды.
Ол Римде өткен Конгресс барысында сайланды. Осылайша алғаш рет қазақстандық маман халықаралық спорт федерациясын басқармақ. Оның өкілеттілігі үш жылға созылады. Айта кетейік, World Boxing - 2023 жылдың сәуірінде құрылған халықаралық бокс федерациясы. 2024 жылдың қыркүйегінде Геннадий Головкин ұйымның жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болды.
Тегтер #Геннадий Головкин #World Boxing #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz