Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында таеквандодан ұлттық құраманың екі спортшысы қола жүлдегер атанды.
Аян Абдраш «керуги» дисциплинасындағы жартылай финалдық бәсекеде қарсыласына есе жіберіп алды. Дегенмен, үшінші орынға таласта түрік спортшысымен шығып, оны 2 де 1 есебімен жеңіп кетті. Сондай-ақ 57 келідегі Айжамол Абдикатова да жақсы нәтиже көрсеткен. Ол соңғы кезеңде венесуэллалық қарсыласын 2 де 0 есебімен басым түсті. Осылайша ел қоржынына 2 қола медальмен толықты. Ал жалпы медальдардың саны 18, оның ішінде жетеуі алтын.
Аян Абдраш, қола жүлдегер:
- Үшіншіде Иран спортшысынан есе жібердім. Сосын үшінші орынға таласу болды, содан Турция спортшысымен жекпе-жекке шығып жеңіске жеттім. Алға қойған мақсат алтын медаль болатын. Осы қола медальмен тоқтадық.
Тегтер #Токио #Сурдлимпиада #Таэквондо #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz