RU
Толық нұсқаға өту

«Қайрат» футзалдан «Спортинг-Андерлехтті» жеңді

25.11.2025, 08:50 1183

«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының 8/1 финалындағы алғашқы матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды 24KZ. Алматы командасы бельгиялық «Спортинг-Андерлехт» клубынан басым түсті. Ойын 7:3 есебімен аяқталды. 

Алматылықтар жергілікті команданың қатты қысымына қарамастан қарсыластарынан басым түсіп, санаулы сәттерден кейін ойын тізгінін өз қолына алды. Команда маусымдағы ең сәтті ойындарының бірін көрсетіп, матчты сенімді түрде жеңіспен аяқтады. «Қайрат» ойыншыларын қолдауға отандастарымыз көп жиналды. Олар ойыншыларды барынша қолдап, шетелде емес, туған жерінде жүргендей көңіл күй сыйлауға тырысты. Енді қарымта кездесу 5 желтоқсанда Алматыда өтеді.

Густаво Парадеда, «Қайрат» АФК-ның спорт директоры:

- Біз өте ауыр ойын болады деп күттік, бастапқыда солай болды да. Командаға қатты қысым көрсетілді. Бірақ біз шыдас беріп, үздік ойын үлгісін көрсете білдік. Жігіттерге ризамын, маусымдағы ең жақсы ойындардың бірін көрсетті.

Біржан Оразов, «Қайрат» АФК-ның капитаны:

- Барша қазақстандықтарды жеңіспен құттықтаймын. Біз үшін қиын ойын болды. Біз бірінші ойында өте қатты қиналдық. Содан кейін жеңдік деп ойлаймыз. Эмоциялық тұрғыда біз дайын болдық. Сол себепті ұттық деп ойлаймын. Әрине, жақсы ойнадық деп ойлаймын. Жеңіс бізде!

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz