Елімізде таяқ тарту дәстүрлі спорт түрі дамып келеді.
Қырғызстанның спорт шеберлері жуырда елге келіп, аталған ойын түрінің қыр-сырымен таныстыруда. Үш күнге жалғасатын семинарда жергілікті спортшылар таяқ тартудың әдіс-тәсілдерін терең меңгеріп, жаттығу машықтарын дамытып жатыр. Шеберлік дәрісіне еліміздің әр өңірінен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жиналды. Шараның мақсаты - таяқ тарту спортын мектеп оқушылары мен студенттер арасында кеңінен насихаттау. Бұл спорт түрі жастардың ағзасын шынықтырып қана қоймай, мінезінің шыңдалуына да оң әсер етеді, дейді ұйымдастырушылар.
Қуаныш Камзин, Геологиялық барлау колледжінің дене тәрбиесі оқытушысы:
- Бүгінгі семинар өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қырғыз елінен мамандар келіп, бізге осы спорт түрін егжей-тегжейлі түсіндіріп көрсетіп жатыр. Бұл семинар келешекте барлық оқытушыларға жақсы ықпал көрсетеді деп ойлаймын.
Тегтер #ойын #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz