Өрендеріміз жүлденің барлық түріне қол жеткізіп, ел қоржынына алтын, күміс, қола медальдар салды. Әсіресе көркем гимнастика сынында қарағандылық Әмина Күкенованың өнерін қазылар жоғары бағалады. 11 жастағы гимнастшымыз доппен және шеңбермен жаттығуды шебер орындап, қола жүлде иегері атанды.
Индира Бұхарбаева, Әминаның анасы:
- Халықаралық жарысқа Әмина бірнеше айдан бері дайындық үстінде. Күніне үш сағат дайындалады. Өз өнерін жоғары деңгейде көрсетті деп ойлаймын. Алдағы күндерге сәттілік!
Әмірліктегі бәсекеде спорттық гимнастшыларымыз да жақсы нәтиже көрсетті. Астана, Алматы және Павлодардан барған жас өскіндер көп сайыс бойынша бірнеше медаль олжалады. Жалпы араб жерінде өткен жарысқа ондаған елдің өрендері қатысты.
Артур Липокуров, жаттықтырушы:
- Бұл турнир негізінен балалардың қарым-қабілетін ашуға, деңгейін көтеруге арналған. Разрядтар сәл өзгеше. Қазақстандық бағдарламаға ұқсас емес тұстары бар. Сонысымен бізге қызық болып отыр. Шәкірттеріміз осындай жерде шыңдала түседі.
Тегтер #араб әмірліктері #халықаралық жарысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz