RU
Толық нұсқаға өту

Абу Дабиде дзюдодан «Grand Slam» жарысының үшінші күні қорытындыланды

30.11.2025, 19:52 519

Байрақты бәсекеге биыл 52 мемлекеттен ұзын саны 400-ге жуық спортшы қатысты. Солардың ішінде қазақстандықтар да бар. 

Елдің ерлер құрамасы барлық салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткенімен, жүлдеге қол соза алмады. Ал қыздар сынында бұрымды үш дзюдошымыз татами төріне көтеріліп, соның бірі биік тұғырдан көрінді. 48 келідегі Әбиба Әбужақынова ел қоржынын медальсіз қалдырмай, қола медаль иегері атанды. 

Әбиба Әбужақынова, «Abu Dhabi Grand Slam 2025» жарысының қола жүлдегері:

- Бірінші татамиді аса сезген жоқпын. Сосын ашыла бастадым. Көбіне күшке жұмыс істедік. Келер жылы қай жарысқа қатысатынымды әлі айтпайды. Желтоқсан бірыңғай темір көтереміз ғой. Күшке жұмыс жасаймыз. Жарысқа дайындығымыз жақсы болды. Өзіміздің жоспарымыз бар. Сонымен жұмыс істеп келе жатырмын. Маған биылғы негізгі жарыс әлем чемпионаты деген болатын. Сол жерде екінші орын алдым. Жалпы биыл төрт жарысқа қатысып, төртеуінен де жүлде алдым.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz