RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

01.12.2025, 22:18 587

Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды.

Almaty Arena-да грек-рим, еркін және әйелдер күресінің шеберлері өзара мықтыны анықтайды. Барлығы мыңға жуық балуан қатысады. Жарыстың алғашқы күні кілемге классикалық стильде белдесетін спортшылар шықты. Әлем біріншілігінің 5 дүркін жүлдегері Алмат Кебісбаев бақ сынайды. Ауыр салмақтағы Әлішер Ерғалиев күрестің екі түрінен де сынға түседі. Ал еркін күрес шеберлерінің арасында Азамат Дәулетбеков бар. Дүниежүзілік додаларда жастар арасында топ жарып жүрген қыз-жігіттер де чемпионатқа келіпті. Әйелдер арасындағы жекпе-жек те тартысты болары анық. Жәмила Бақбергенова, Шұғыла  Өмірбек, Нилуфар Раимова бастаған қыздар боз кілемнің көрігін қыздырады.

Дәулет Тұрлыханов, Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті:

- Мына чемпионатта біздің бірінші палуанымыз босатылды. Ол еркін күресте Қайпанов пен Ризабек және де мынау грек-рим күресінде Айдос Сұлтанғали мен Медеу Жадыраев палуандарымыз босатылды. Өйткені, ол палуандарымыз қазір өз жарақаттарын емдеп, оқу-жаттығу ойындарына дайындалып жатыр. Ол палуандарымыз өзінің атақ-дәрежесін жәй көрсетіп қана қоймай, биік мәреге жетіп отыр. Шетелдік палуандар оларды біледі, санасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz