Жүлде қоры 50 млн теңге. Жыл бойы іріктеу жарыстары швейцариялық жүйеде өтіп, мықтылар анықталды. Әрбір кезеңде шахматшылар бағалы сыйлықтармен қатар рейтингтік ұпайлар үшін де таласты. Ерлер мен әйелдер үшін бөлек кесте жасалды.
Финалдық кезеңге 24 шахматшы шықты. Оның тең жартысы әйелдер. Олардың арасында ұлттық құрама мүшелері және шетелден шақырылған ойыншылар бар. Сондықтан бәсеке тартысты болмақ. Ерлер финалында Адитья Миттал, Арам Акопян сынды мықтылар бақ сынайды. Ал әйелдер арасында Алина Бивол, Әмина Қайырбекова, Мариам Мкртчян бас жүлдеден үмітті.
Қазыбек Нөгербек, 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионы:
- Қарсыластарым мықты. Әрине бірінші ойындағы қазіргі қарсыласым - Алексей Гребнев өте мықты. Осы турнирде рейтинг фавориті. Сондай-ақ басқа мықты гроссмейстерлер бар. Шетелден келді. Біздің қазақстандық шахматшылардан айтсам, Даниал Сәпенов қазір өте мықты. Жас талант.
Тегтер #шахмат #турнир #АлматыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz