RU
Толық нұсқаға өту

Дубайда бокстан әлем чемпионаты басталады

03.12.2025, 10:20 545

Бүгін бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты басталады. Дубайдағы дүбірлі додаға әлемнің 95 елінен былғары қолғап шеберлері келген.

Ел атынан 13 салмақ дәрежесі бойынша 13 спортшымыз сынға түседі. Арасында Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Абылайхан Жүсіпов сынды тәжірибелі боксшыларымыз бар. Жарыстың жүлде қоры өте қомақты. Яғни чемпиондарға 300 мың доллар, күміске 150 мың, қола жүлдегерге 75 мың доллар көлемінде қаржылай сыйақы беріледі. Ал ширек финалистер 10 мың доллар көлемінде ақша алады.

Жандос Айтбайұлы, сарапшы:

- Бұл жерде ресейлік, өзбекстандық боксшылар бар. Кіл мықтыларын алып келген. Тіпті Олимпиада чемпиондары бар. Енді мынадай қомақты қаржы болғаннан кейін ешкіи ИБА-ға шекеден қарап жатқан жоқ. Сондықтан 2 алтын алып жатсақ, үлкен жетістік. Қоласы, күмісі тағы бар. Алтын көп болып жатса, біздер үшін де керемет. Жанкүйерлердің күтіп отырғаны сол. Жігіттер аянып қалмасы анық.

 

Семсершілер үздік ондыққа енді

Қазақстандық семсершілер жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді. Ұлттық құрама сапынан ең жоғары нәтижені Нұржан Әбжанов тіркеп, жекелей сында 22-ші орынға табан тіреді. Қалған спортшылардың нәтижесі көңіл көншітпейді. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы есепте 8-ші орыннан көрінді.     

 

Дубайда Пара Азия ойындары өтеді

Қазақстандық жасөспірімдер Дубайда өтетін V Пара Азия ойындарына қызу дайындалып жатыр. Байрақты додаға әлемнің 45 елінен 12 мен 23 жас аралығындағы 1300 -ден астам спортшы қатысады. Олар 11 спорт түрінен бас-аяғы 481 медаль жиынтығын сарапқа салады. Халықаралық бәсеке 10–13 желтоқсан аралығында өтеді. Онда 60 отандасымыз 9 спорт түрінен бақ сынайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz