RU
Толық нұсқаға өту

Футболдан әлем чемпионатының жеребесі тартылды

06.12.2025, 10:02 567

АҚШ-та футболдан 2026-шы жылғы әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Доп додасы келер жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. 

ФИФА бұл жолы көпшіліктіктің сүйікті ойынын дәріптеу үшін әлемдік турнирге өзгерту енгізді. Енді чемпионатта 32 емес 48 елдің құрамасы бақ сынайды. Әзірге олардың 42-сі белгілі. Қалған алтауы алдағы кездесулерде анықталады. 

Дүбірлі дода 11-ші маусымда Мексика астанасында жергілікті құрамамен Оңтүстік Африка республикасы командасы арасындағы матчпен ашылады. 2026-шы жылғы футболдан әлем чемпионаты 11-ші маусымда басталып, 19-шы шілдеде аяқталады. Ойындар үш елдің 16 қаласында өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz