RU
Толық нұсқаға өту

СҚО-да 49 спортшы қылмыстық жауапкершілікке тартылған

10.12.2025, 21:50 383

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы он жылдың ішінде 49 спортшы қылмыстық жауапқа тартылыпты.

Бұл туралы Петропавлда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен кездесуде айтылды. Жиынға жекпе-жекпен шұғылданатын 200-ге жуық спортшы, жаттықтырушы мен ардагер қатысты. Шара барысында қадағалаушы орган қызметкерлері өскелең ұрпаққа заңнамалық жауапкершілік жайын әңгімеледі. «Спорт қауымдастығы арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырып, қоғамдық тәртіпті нығайтудың маңызы зор», - дейді ұйымдастырушылар.

Алмас Асайынов, облыстық прокуратураның аға прокуроры:

- Жекпе - жек спортымен шұғылданатын адамдар өзгелерге күш көрсетпеуі тиіс. Шара барысында оларға осы ойды жеткізіп, қылмыстық жауапкершіліктің қандай болатынын түсіндірдік. Бұл мәселе прокуратура, полиция департаменті мен жергілікті атқарушы биліктің назарында болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz