Қазақстан құрамасының семсерлесуден шпага сайысындағы өкілі Кирилл Проходов Өзбекстанның Ташкент қаласындағы юниорлар арасындағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жартылай финалда қазақстандық семсерлесуші алаң иесі Камронбек Исмоиловты (Өзбекстан) 15:6 есебімен жеңді.
Ал шешуші сында Кирилл Проходов Тайбэй өкілі Чень Бин-Юннан басым түсіп, кездесуді 15:7 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Тегтер #семсерлесу #Кирилл Проходов #алтын #жүлде #спортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz