RU
Толық нұсқаға өту

Көкшетауда спорт кешені ашылды

15.12.2025, 21:13 378

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен тағы бір спорт кешені пайдалануға берілді.

Көпфункционалды  нысан облыс орталығында салынды. Онда бір мезетте мыңға жуық адам спорттың бірнеше түрімен айналыса алады. Үкімет жобаға арнаулы мемлекеттік қордан 12 млрд теңге бөлді.

Бұл өңірде қайтарылған активтер есебінен салынған екінші спорт кешені. Осыған дейін бір нысан Зеренді ауданында бой көтеріп, қолданысқа берілді. Кешенде олимпиадалық стандарттарға сай жабдықталған бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфитке арналған заманауи залдар бар. Мұнда республикалық және әлемдік деңгейдегі жарыстар ұйымдастыруға болдаы.

Сәуле Жүнісова, қала тұрғыны:

- Осында көшіп келгеніме төртінші ай болды. Осындай ғимараттар салып жатқанына қуанамын. Мынау аренаны өте тамаша етіп салған. Қаншама спортшылар, жігіттер, балалар атағымызды шығарады.

Данагүл Байгетиева, қала тұрғыны:

- Осы «Көкше аренасын» ішін араладық. Өте керемет. Осының ішінен чемпиондар шықса өте маңызды. Өте әдемі салынған екен.

Нысанның ашылуына ҚР бас прокуроры, Ұлттық олимпиада комитетінің президенті және есімі елге белгілі танымал спортшылар қатысты.

Геннадий Головкин, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті:

- Бұл залда болашақ әлем және олимпиада ойындарының чемпиондары шығады деп ойлаймын. Әлемдік ареналарда атой салып, көк туымызды көкке көтеретін спортшыларды асыға күтемін.

Жалпы облыста   қайтарылған активтер есебінен 44 жоба қолға алынды. Құрылысқа 41 млрд.теңге жұмсалды. Әлеуметтік нысандардың құрылысынан бөлек, сумен жабдықтау саласында  28 жоба жүзеге асты.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz