Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында World Tennis Continental Cup көрме турнирін жеңіспен аяқтады.
Қазақстандық теннисші ресейлік Андрей Рублевпен бірге аралас сында монаколық Валентен Вашеро – Польша өкілі Ига Швентекпен ойнады. Екі сет те 6:4 есебімен аяқталып, жеңіс қазақстандық-ресейлік жұптың еншісіне жазылды.
Бұл Рыбакинаның биылғы жылғы соңғы матчы болды. Енді ол Австралияда 4-11 қаңтар аралығында өтетін Брисбен WTA 500 турнирінде бақ сынайды.
Кеше қазақстандық теннисші әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекке 3:6, 3:6 есебімен жол берген еді.
Сондай-ақ бүгін Рыбакина әлемнің 11-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен шеберлік байқасты. 2021 жылы Токио Олимпиадасының жартылай финалында Елена дәл осы Бенчичтен жеңіліп қалған еді. Бұл жолы қазақстандық спортшы 6:3, 6:4 есебімен басымдылық танытып, жеңіске жетті.
Тегтер #Елена Рыбакина #Қытай #турнир #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz