RU
Толық нұсқаға өту

Қысқы олимпиада ойындарына дайындық

31.12.2025, 09:42 282

Рыбакина алдыңғы бестікте. Әйлдер теннисі қауымдастығы жылды қорытындылап, әлемдік рейтингті жаңартты. Оған сәйкес, қазақстандық Елена Рыбакина бесінші сатыға жайғасты.Ұлттық құрама сапындағы Юлия Путинцева 71-орынға , ал, Зарина Диас 285-орында. 

Қысқы олимпиада ойындарына дайындық 

Кемі бір медаль алумыз керек. Спортқа жауапты министр Ербол Мырзабосынов Милан олимпиадасына дайындықтың барысы жайында айтып, алдағы жоспарларға тоқталды. Оның айтуынша, қазір спортшыларымыз қызу әзірлік үстінде. Бүгінге дейін ұлттық құрама өкілдері 23 лицензия алып үлгерді. Олардың саны алдағы уақытта артатыны анық. Жалпы алғанда ақ олимпиадада 35 спортшы ел намысын қорғайды деген жоспар бар. Ал, медальға қатысты болжам жасау өте қиын деді министр. Өйткені, 2018 жылдан бері қоржынымызға жүлде түспеді. Енді биыл осы олқылықтың орнын толтырып, қазақстандық қыз-жігіттер қалай да жеңіс тұғырына көтерілуі қажет. Негізгі үміт конькимен жүгірушілерге, мәнерлеп сырғанаушыларға  және шорт-трек шеберлеріне артылады. 

ҚХЛ: «Барыстың» сенсациялық жеңісі 

Сенсациялық жеңіс. Астаналық «Барыс» омбылық «Авангардтан» басым түсті. Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы матч сырт алаңда, яғни Омбы қаласында өтті. Негізі жергілікті команда фаворит саналған. Өйткені турнир тізімінде әлдеқайда жоғары тұр. Оның үстіне, өз алаңында ойнап жатыр. Десе де Михаил Кравец баптайтын жігіттер ә дегеннен белсенді қимылдап,  алғаш болып есеп ашты. Авторы – Всеволод Логвин. Одан кейін командаластары Әлихан Әсетов, Кирилл Панюков және Мэйсон Мореллилер мергендігімен көзге түсіп, таблодағы есепті одан сайын еселеді. Қорытынды нәтиже 2:4. «Барыс» үшін бұл көптен күткен жеңіс саналады. Жеңілістер, яки сәтсіздіктер сериясын үзді десе болады. Қазір қазақстандық клуб үш ұпай еншілеп, Шығыс Конференциясының 9-шы сатысындағы орнын сақтап қалды. Енді келесі кездесуін 6-қаңтарда өткізеді. Тағы да сырт алаңда, нақтырақ айтқанда, Новогород қаласында жергілікті «Торпедомен» жолығады.

Қазақ жігіттері америкада жаттығады

Қазақ жігіттері тұрақты түрде америкада жаттығады. Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов мәлімдеді. Ол биылғы жылды қорытындылап, көрсеткіштердің салыстырмалы түрде жақсы болғандығын атап өтті. Әсіресе биыл ұлттық құрама өкілдері, нақтырақ айтқанда, төрт боксшымыз мұхиттың арғы жағында жаттығып қайтты. Бұл бастама көп ұзамай өз жемісін беріп, олар әлемдік алмандардың жеңіс тұғырына көтерілді. Енді алдағы уақытта да бұл тәжірибе жалғасын табады. Жүйелі түрде жүезе асырылады деді Мерей Ақшалов. Өйткені негізгі мақсат 2028 жылы АҚШ-та өтетін олимпиадаға тығылықты дайындалып, жақсы нәтиже көрсету деп сөзін түйіндеді. Бұның алдында бас бапкер Қайрат Сәтжанов та АҚШ құрамасы бірлескен жаттығу жиынына шақырып жатқанын айтты. Сәйкесінше, алдағы жылы Колорадо-Спрингс қаласына олимпиада бағдарламасына кіретін 7 салмақтан 14 боксшыны апару жоспарланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz