Алматыда футзалдан әйелдер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған Қазақстан кубогі аяқталды.
Бұл турнирге еліміздің өңірлерінен 12 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда Korkyt Ata University командасы үздік нәтиже көрсетті. Қызылордалық арулар финалда Шымкент қаласындағы Dostyk University командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Осылайша әйелдер арасындағы қызылордалық клуб Қазақстан кубогінің алғашқы иегері атанды.
ҚФФ
Тегтер #футзал #әйелдер #кубок #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz