RU
Толық нұсқаға өту

Талдықорғанда дзюдодан республикалық турнир өтіп жатыр

19.01.2026, 16:58 295

«Қысқы демалыс» деп аталатын жарысқа еліміздің әр аймағынан 2 мыңнан аса жасөспірім келді.

Олар 18 салмақ дәрежесі бойынша татами төрінде өзара мықтыларын анықтайды. 20 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан бәсі жоғары бәсеке төрешілер мен бапкерлер үшін де маңызды. Өйткені біліктілікті жетілдіруге бағытталған арнайы семинар өткізіліп, күреске енгізілген жаңа ережелер түсіндіріледі. Бағалау жүйесі де жас мамандарға үйретіледі. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер ел чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. 

Жандос Сәбетбек, Қонаев қалалық спорт мектебінің оқушысы:

- Бірінші айналымда ұтып, екінші айналымды Алла бұйырса, ұтатын шығармын. Осымен үшінші республикалық турнирім. Чемпион боламын деп ойлаймын. 

Ерлан Тәжіков, жарыстың бас төрешісі:

- Жаттықтырушылар да көрді. Төрешілер де семинардан өтті. Алдымыздағы Қазақстанға осы төрешілер барып, семинармен жарысты өткіземіз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz