RU
Толық нұсқаға өту

Жезқазғанда үстел теннисінен ел чемпионаты басталды

27.01.2026, 20:30 262

Жезқазғанда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды.

250-ден астам қатысушы жекелей, жұптық және командалық бәсекеде өзара үздігін анықтайды. Мықтылары ұлттық құрамаға қабылданады. Халықаралық деңгейдегі түрлі чемпионаттар мен рейтингтік сайыстарда ел намысын қорғайтын спортшылар да осы турнирде іріктеледі. Жарыс бір аптаға жалғасады.

Мансұр Сүйіндік, жарысқа қатысушы:

- Осы жарысқа біз көп дайындалдық. Жақсы көңілмен келдік. Осыдан жеңімпаз болсақ, Азияға барамыз, құрамаға үштікке кіреміз. Бүкіл қарсыластармен консентрация ұстап, жақсы дайындалып шығу керек. Ешкімді менсінбеуге болмайды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz