Италияны 1 айға жуық уақыттан бері аралап жүрген Олимпиада алауы бүгінде 90% жолды бағындырып үлгерді.
Қысқы ойындардың дәстүрлі эстафетасы аяқталуға жақын. 60 қаланың 55-і артта қалды. Кеше алау Бормио коммунасына жеткізілді. Мұнда тау-шаңғы спорты және шаңғы альпинизмі бойынша жарыстар өтеді. Ал бүгін алау ұстаушылар елдің солтүстік-батысындағы ЛомбАрдия аумағының көрікті жерлері арқылы өтеді. Эстафета 6 ақпан күні Миландағы «Сан-Сиро» стадионында мәресіне жетеді. Қазір салтанатты шараларға соңғы дайындықтар жүріп жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #қысқы Олимпиада ойындары #2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz