RU
Толық нұсқаға өту

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте көтерілді 

02.02.2026, 10:15 575

Рыбакина алыңғы үштікте. Австралия ашық чемпионатында жеңіске жеткен жерлесіміз әлемдік рейтингтегі жағдайын жақсартты.

Шавкат жақын аралықта октаганға оралмайды. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты аяғына операция жасады. 

Сәйкесінше, жуырда жекпе-жектерге шыға алмайтынын мәлімдеді. Ал спорт мамандары денсаулығы толық қалпына келуі үшін кемі 9-10 ай керек деп отыр. 

Халықаралық турнирде жеңіcке жетті

Жәмиля Иван Ярыгин атындағы халықаралық турнирде топ жарды. Бұл күрес түрлерінен әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі. Ол жыл сайын Ресейдің Красноярск қаласында ұйымдастырылады. Ұлттық құрама үздігі – Жәмиля Бақбергенова аталмыш жарысқа бесінші рет қатысып отыр. Осы аралықта екі рет жүлдеге іліккен болатын. Ал бұл жолы жеңімпаз атанды. 72 келіде өнер көрсеткен қазақ қызы іріктеу кезеңінде барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, финалда моңғолиялық Болртунгалаг Зоригті жеңді. «Бүгінгі жетістік мен үшін үлкен қуаныш әрі зор мақтаныш. Өйткені осы турнирге мықтылар ғана қатысады. Солардың арасынан чемпион атанып, көптен бергі мақсатым орындалды», - деп жазды Жәмиля Бақбергенова әлеуметтік желідегі парақшасына. Жәмиляның алтынынан бөлек, ұлттық құрама қоржынында екі күміс бар. Оны 55 келі салмақ дәрежесінде Лаура Алмағанбетова және 59 келіде Виктория Хусаинова иеленді.

Балалар арасындағы халықаралық турнир 

Он елдің өрендері елордаға жиналады. Мұнда футболдан балалар арасындағы халықаралық турнир жалғасын табады. «Астана Кубогы» деп аталатын байрақты бәсеке осымен бесінші рет ұйымдастырылғалы отыр және жыл өткен сайын қатысушылар саны мен географиялық ауқымы кеңейіп келеді. Мысалы, биыл бұл жарысқа түркиялық «Фенербахче» және сербиялық «Црвена Звезда» сияқты командалар да шақырту алды. Бұған қоса, жыл сайын мәскеулік «Спартак», ташкенттік «Пахтакор», бакулік «Карабах» және тбилисилік «Динамо» сияқты клубтардың академиялары бақ сынайды. Сонымен қатар әрине, еліміздің түкпір-түкпірінен келетін жас футболшылар бар. Халықаралық жарыстың өзі 24 және 28 наурыз арпалығында болады. «Осы арқылы жас футболшылардың шеберлігін шыңдап, тәжірибелерін толыстырып, болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеуге ден қоямыз», - дейді мамандар. 

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте көтерілді 

Рыбакина алыңғы үштікте. Австралия ашық чемпионатында жеңіске жеткен жерлесіміз әлемдік рейтингтегі жағдайын жақсартты. Яғни оған қосымша 2000 ұпай берілген болатын. Соның арқасында ол 5-ші орыннан 3-ші орынға көтерілді. Топ басында аталмыш жарыста Еленаның басты қарсыласы болған Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр. Ал екінші орынға польшалық Ига Швёнтек жайғасты. Рыбакина мен Швентек арасын бар болғаны 300 ұпай бөліп тұр. «Сондықтан қазақстандық теннисші осы қарқынын жоғалтпай, жеңіс жолын жалғайтын болса, жақын болашақта, тіпті алдағы көктемде екінші орынға көтерілуі мүмкін», - дейді мамандар. 

Евгений Акманов, сарапшы:

- Елена Рыбакина қазіргі Арина Соболенко үшін ең ыңғайсыз қарсылас болып тұр. Сондықтан қазақстандық теннисші осы жетістігін қайталап, әлемдік рейтингте тағы да көтеріле алады. Жалпы Еленаның әлеуеті өте зор.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz