«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ХХV қысқы Олимпиада ойындарының таныстырлымын өткізді.
Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылар тікелей эфирге қосылып, пікірлері мен дайындық барысы туралы айтты. Шараға сала министрлігінің өкілдері, танымал спортшылар мен сала ардагерлері, спорт журналистері қатысты. Қазақстан тарихындағы қысқы Олимпиадада алтын медаль иеленген тұңғыш спортшы Владимир Смирнов байланысқа шығып, ұлттық құрама мүшелеріне сәттілік тілеп, сенім артты. Биылдың басты спорттық додасын Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Италиядағы додада ел атынан 10 спорт түрінен 36 спортшы ел намысын қорғайды. Жарыс барысын 22 комментатор баяндайды.
Нағи Бақытбеков, «Qazsport» телеарнасының директоры:
- Бұл шараның басты мақсаты Олимпиаданың тарихын еске алып, Олимпиада туралы ақпарат беру. Алғашқы трансляция бүгін «Қазспорт» телеарнасында 23:00-де керлинг спорт түрінен басталады. Ертең хоккей және керлинг спорт түрлерінен жарыстар болады. 6-сы күні ашылу салтанаты 23:55-те. Қазақстан, Қазспорт және Хабар мен Жібек жолы арналарынан көрсетіледі. Жалпы жарыс кезінде телеарналар күніне 12-14 сағат жұмыс істейді. Сол тікелей эфирде жұмыс істеуге елдегі ең үздік 22 коментатор іріктелді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #қысқы Олимпиада ойындары #спорт
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz