Қазақстан 2029 жылғы X қысқы Азия ойындарын қабылдайды.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, еліміз 18 жылдық үзілістен кейін осы іс шараны өткізу құқығына ие болды. Бұған дейін Қазақстанда 2011 жылғы қысқы Азия ойындары өткен. Ол халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған еді. Сол кезде Астана мен Алматы қалаларында бірқатар заманауи спорт кешені бой көтерді. Бүгінде бұл нысандар спортшыларға қызмет етіп келеді. Алдағы қысқы Азия ойындарын қолданыстағы инфрақұрылым базасында өткізу жоспарланып отыр. Министрліктің мәліметінше, оған қосымша ірі спорт ғимараттарын салу қажеті жоқ. Қазір елде қысқы 13 спорт түрі қарқынды дамып келеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #спорт #қысқы азия ойындары #Қысқы Олимпиада ойындары 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz