RU
Толық нұсқаға өту

Италияда XXV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді

06.02.2026, 07:39 442

Бүгін Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жалауы желбірейді.

Төрткүл дүние көз тіккен, төрт жылда бір келетін әлемнің басты қысқы спорт додасы Милан мен Кортина қалаларында өтеді. Сансиро стадионындағы ашылу рәсімінде Қазақстан туын алып шығу құрметі шорт-трекші Денис Никиша мен фристайл-могул шебері Аяулым Әмреноваға сеніп тапсырылды. Қос спортшы халықаралық ареналарда тәжірибесі бар, жауапты сәтке лайықты үміткерлер. Бұдан бөлек, Олимпиадада ел намысын 36 спортшы қорғайды. Саңлақтарымыз биыл 10 олимпиадалық спорт түрінен бақ сынайды. Команда құрамында ерлер мен әйелдер саны тең яғни – 18 ер, 18 әйел спортшы. Ұлттық құраманың орташа жасы – 25. Ең жас спортшы – фристайл-акробатикадан сынға түсетін Асан Асылхан, ол небәрі 16 жаста. Ал ең тәжірибелі әрі жасы үлкен спортшы – шорт-трек шебері Абзал Әжғалиев. Оның жасы 33-те.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz