RU
Толық нұсқаға өту

Олимпиада-2026: Норвегия көш бастады

09.02.2026, 09:35 538

Норвегия жалпы есепте алға шықты.

Италияның Милан және Кортина қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындары екінші жарыс күнін қортындылады. Бұл күні он медаль жиынтығы сарапқа салынып, 15 елдің спортшысы жүлделі болды. Норвегиялықтар бір күнде үш алтын және бір қола медаль қанжығалап, жалпы есепте алты жүлдемен көш бастады. Тау шаңғысы және командалық мәнерлеп сырғанау бәсекесінде сәтті өнер көрсеткен Америкалықтар екі алтын медальмен екінші орынға жәйғасты. Италия құрамасы қоржынына алты медаль түсті. Осылайша олар медаль кестесінде үшінші орынан көрінді. Қазірге Жапония, Австрия, Германия, Чехия, Франция, Швеция және Швейцария құрамаларында бір алтын жүлдеден бар. Ал Оңтүстік Корея және Солвения құрамалары бір күміс, Болгария, Канада және Қытай құрамаларында бір қола жүлде бар.

5 спортшымыз жарыс жолына шығады

Бүгін 5 отандасымыз екі спорт түрінен жарыс жолына шығады. Надежда Морозова, Елизавета Голубева, Кристина Силаева мың метрге конькимен жүгіреді. Ал шаңғымен тұғырдан секіру сайысына Илья Мизерных пен Данил Васильев қатысады. Айта кетейік, кеше ақ Олимпиада өнер көрсеткен жерлестеріміз ауыз толтырып айтатын нәтижеге қол жеткізе алмады.

Grand Slam Paris 2026: қоржында 3 қола

Аман Бақытжан Франция астанасы Парижде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысында үздік үштіктен көрінді.  Ол жұбаныш белдесуде кубалық Джонатан Чаронды тізе бүктірді. Отандасымыз жарыс барысында 5 кездесудің 4-де жеңіске жетті. Өз тобынан үздік шығып, жартылай финалға дейін жетті. Алайда отандасымыз жартылай финалда Дильшот Халматовқа есе жіберді. Байрақты бәсекенің 2-і күні Абылайхан Жұбаназар мен Нұрлыхан Шархан үздік үштіктен көрінді. Қола медаль үшін белдесуде Абылайхан Аустрия спортшысын жүлдесіз қалдырды. Айта кетейік. Бұл отандасымыздың әлемдік Grand Slam жарысындағы жетінші жүлдесі. Бұған дейін ол 1 күміс, 5 қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Ал Нұрлыхан жұбаныш финалында нидерландтық Катарина Симеонды жеңді. Тартысты кездесу голден скорге дейін созылды. Қосымша уақытта Нұрлыхан вазари ұпайын еншілеп, Қазақстан қоржынына үшінші қола жүлдені салды.

6 боксшымыз жеңімпаз атанды

6 боксшымыз жеңімпаз атанды. Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен былғары қолғап шеберлерінің бәсекесі өз мәресіне жетті. Финалда ел  құрамасынан 11 боксшы алтын медальды сарапқа салды. Нәтижесінде Санжар Ташкенбай, Махмұд пен Төрехан Сабырхандар, сондай-ақ ағайынды Оралбайлар алтыннан алқа тақты. Ал әйелдер арасында Умида Садықова өзінің мықтылығын дәлелді. Нұрзат Оңғаров, Аман Қонысбеков, Сағындық Тоғамбай, Назерке Серік пен Панар Сейітханқызы күміс жүлдені місе тұтты. Айта кетейік алдағы уақытта ұлттық құрама тағы екі құраммен Болгариядағы Странджа турнирінде бақ сынайды.  Сондай-ақ қазақстандық былғары қолғап шеберлерін 28 наурыз - 1 сәуір аралығында Моңғолияда World Boxing ұйымының ересектер арасындағы алғашқы құрлықтық біріншілігі күтіп тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz