Дубайдағы жауынгерлеріміз тағы жеңіске жетті. Swat Challenge турнирінің үшінші күнінде 3 бірдей командамыз тұғырға көтерілді.
Тіпті «Қазақстан – А» құрамасы рекорд орнатты. Жарыстың 3-ші күні жерлестеріміз үшін өте сәтті басталды. Әсіресе «Қазақстан – А» құрамасы айды аспанға шығарып, рекорд орнатты. Олар «Жаралы офицерді құтқару» деп аталатын қиын да күрделі кезеңде мәре сызығын 2 минутта кесіп, рекорд жасады. Енді бұл көрсеткіш әзірге бұзылмайды дейді мамандар. Тіпті Қазақстан-В құрамасы да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 2 орынға жайғасты. Уақыт көрсеткіші 2 минут 3 секунд. Ал «Қазақстан – С» құрамасы 2 минут 6 секунд көрсеткішімен 3-орынға табан тіреді.
Думан Рахманов, ҚР ІІМ ҰҰ «Бүркіт» арнайы жасағының бөлім бастығы
- Әрине, бұл еліміздің арнайы жасақтарынан құралған құрама командаларымыздың ұжымдық нәтижесі. Сондай-ақ әрбір жауынгеріміздің жүйелі дайындығы мен қажырлы еңбегінің арқасында осындай нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз. Келесі күннен де біз осындай нәтижелер күтеміз.
Осы орайда біздің жауынгерлеріміздің өнеріне өзге елдің өкілдері таңдай қағып, жоғары баға беріп отыр. Әсіресе шетелдік әріптестеріміздің қызығушылығы жоғары. Осыған байланысты сербиялық журналистен сұхбат алған едік.
Милош Йевтич, әскери журналист: (Сербия)
- Қазақстандық командаларды жарыс кезінде әдейі бақылап отырамын. Олар тактикалық тұрғыда әр ұсақ-түйекке өте қатты мән береді. Сол жағы мені таңғалдырды. Дене күтімі, психолологиялық тұрғыда дайындықтары жоғары екені көрініп тұр. Жалпы айтыңыздаршы мұндай деңгейге жету үшін не ішіп, не жеу керек? Өз басым Swat Challenge-ге екінші рет келіп тұрмын. Былтырдан бері сіздердің командаларыңызды бақылып, қарап жүрмін. Жыл сайын қарқын алып, күшейіп келеді.
Алда әлі 4-ші және 5-ші жарыс күндері бар. Ол кезде де отандастарымыз сенімді ақтап, сәтті өнер көрсетеді деген сенімдеміз.
Авторлары: Мерей Қанапия, Берік Шарав
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Дубай #Swat ChallengePhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz