RU
Толық нұсқаға өту

Түркістандағы Мұз сарайында жастар арасында хоккейден жарыс өтті

12.02.2026, 11:33 261

Түркістандағы Мұз сарайында жастар арасында шайбалы хоккейден жарыс өтті.

Жергілікті «Turan Tigers» өз алаңында астаналық «Барыс» командасын қабылдады. «Спорт терорризмге қарсы» ұранымен ұйымдастырылған жарыс салауатты өмір салтын насихаттауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. 

Түркістандық «Turan Tigers» жастар командасы былтыр  құрылған жас команда. Жарыстың алғашқы күні Астаналық "Барысқа" есе жіберді. Ойыншылар екінші кездесуге тыңғылықты дайындалғанын айтады. 

Тілеуберді Бурабай, "Turan Tigers" командасының ойыншысы:

- Бүгінгі ойынға біздің дайындығымыз өте жоғары. "Барыс" командасы өте мықты команда, көшбасшы. Өзіміздің қателіктерімізді дұрыстап, бүгін ұтуға тырысамыз. 

Екі команданың да жеңіске деген жігері мықты. Жастар бар күшін  салып ойнады. Дегенмен тәжірибелі "Барыс" командасы басым түсті. «Спорт - терорризмге қарсы» қағидасын ұран өткен жарыстың басты мақсаты – жастарға салауатты өмір салтына насихаттау.

Болат Қалмұрзаев, Ұлттық қауіпсіздік комитеті түркістан облысы департаментінің  басшысы:

- Хоккей командалық рухты, тәртіпті, батылдық пен өзара тиімділікті талап ететін ойын. Бұл қасиеттер тек мұз айынында ғана емес, қоғамда, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға қызмет етеді.  

Исмайыл Ыдырысұлы, қаланың бас имамы:

- Бұл ойынның негізгі мақсаты - "Спорт терорризмге қарсы" атты іс-ашара. Бұл өте маңызды шара. Сондықтан біздің айтарымыз жастарға, өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа спортпен айналысқан адамның тәні сау, жаны сау, рухы сау болады. Сондықтан баршаңызды осы спортпен айналысуға шақырамын.

Түркістандық «Turan Tigers» командасы 14-15 ақпан күндері өз алаңында Өскеменнің «Торнадо» командасымен кездесу өткізеді. Мамандар мұндай жарыстар жас спортшылардың жан-жақты дамуына  серпін беретінін айтады.

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz