УЕФА-ның 51-ші конгресі Қазақстанда өтеді. Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастықтары одағының Брюссельде өткен жиынында хабарланды.
УЕФА конгресі – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Жыл сайын өтетін басқосуда 55 ұлттық қауымдастықтың өкілі жиналады. Іс-шара аясында Еуропадағы футболдың стратегиялық дамуын айқындайтын негізгі шешімдер қабылданып, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі. Конгресті ұйымдастыру және өткізу шығындары УЕФА есебінен жүзеге асырылмақ. Айтулы шара елімізде бұрын-соңды өткен ең ірі халықаралық футбол жиындарының бірі болмақ және Қазақстанның еуропалық футбол қауымдастығындағы позициясын нығайтуға, сондай-ақ спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік бермек. Дүбірлі жиын келесі жылы 4-наурызда Астанада өтіп, Қазақстанда Еуропа футболының алдағы жылдардағы даму бағытын айқындайтын шешімдер қабылданбақ.
Давид Лория, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы:
- Айта кету керек, бұл конгресс сайлау сипатында өтеді. Астанада келесі кезеңнің УЕФА президенті сайланады. Бұл – шын мәнінде тарихи оқиға. Баршаңызды құттықтаймын!
Тегтер #УЕФА #Астана #Конгрес #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz