Мәнерлеп сырғанауда Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровтың жеңісі Миландағы ойындардың басты сенсациясы болды.
Бұл қазақ елінің тәуелсіздік тарихындағы қысқы Олимпиададағы екінші алтын жүлдесі. Шайдоровтың жетістігі халықаралық басылымдардың да назарына ілікті.
Sport-Express.Net:
- Sport Express Михаил Шайдоровты Миландағы Олимпиаданың басты жаңалығы деп бағалады. Басылым оның негізгі қарсыластары сын сәтте дағдарып, қателікке бой алдырды, ал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы шеберлігін мінсіз көрсетті деп жазған.
The Guardian.сom
- Тhe Guardian Михаилдің жеңіске жетудегі сыры - 5 мәрте 4 реттік секірісті сенімді түрде жасай алуында деді. Газет осындай шешімталдық Олимпиада тұғырына көтеретін басты қасиет, мұндайда фавориттердің бәсі төмендеп қалады деп атап көрсеткен. Басылым «Бұл жеңіс спортшының зор жетістігі және Қазақстан үшін айтулы сәт» деп жоғары баға берді.
Reuters.com:
- Reuters жазуынша, Михаилдің ә дегеннен шеберлігін әдемі көрсете білгендігі жарысқа бірден жол ашты. Ол үштік аксель мен төрт реттік сальховтың күрделі үйлесімін жарқырата көрсетті. Басылым жоғары техника, секірістердің орнықтылығы мен сенімді сырғанау қазақ спортшысына басымдық әперді деп жазады.
NY Тimes.com:
- The New York Times қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы шешуші сында сыр бермей, қарсыластарынан басым түсті деп бағалады. Басылым Михаил Шайдоров қиын қозғалыстарды жеңіл орындап, сенімділігін аяғына дейін сақтай алды, нәтижесінде Олимпиаданың сенсациясына айналды деп жазған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Михаил Шайдоров #БАҚ #спортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz